Алматыда белсенділер "Ел басынан шіриді" деген баннер ілді

1 желтоқсан 14:58 1508 рет қаралды


1 желтоқсан күні таңғы бесте белсенділер Алматының Саин көшесіндегі көпірге "Ел басынан шіриді. "qazaqkoktemi"деген жазуы бар баннер ілді. Баннердің суреті Instagram желісіндегі rukh2k10 аккаунтында жарияланды.

Баннер авторлары белгісіз. rukh2k10 аккаунтында жарияланған постта "Осы акция арқылы халыққа елдің тағдыры біздің қолымызда екенін көрсетіміз келеді. Бізге жақпағандарға "жоқ" деп айтуға әрқашанда құқығымыз болған, бізде сөз бостандығы құқығымыз бар және сол құқығымызды қорғаймыз. Елде заңсыздық, жемқорлық және қорлау жайлағанда, девальвация, кредит пен ипотека займдары шектен тыс асып кеткенде біз шашылып "Бірінші президент күнін" тойлап жатырмыз" деп жазылған.

Дереккөз: Азаттық радиосы






Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру