​2019 жылғы "Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

30 қараша 10:23 705 рет қаралды


234 үміткер "Болашақ" стипендиясының иегері атанды. Стипендия иегерлерінің тізімі Халықаралық бағдарламалар орталығы ресми сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

"Шет елде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша стипендия магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша алдыңғы қатарлы шетелдік жоғары оқу орындарында білім алатын, сондай-ақ әлемдік ғылыми және өндірістік орталықтарға тағылымдамадан өтетін 234 үміткерге берілді", - делінген хабарламада. 

2019 жылғы 26 қарашадағы "Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімін МЫНА жерден көруге болады. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, стипендиаттарды бөлу санаттары бойынша өтті: мемлекеттік қызметшілер - 21, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері - 4, өз бетімен түскендер - 200, инженерлік-техникалық қызметкерлер - 12, жалпы конкурс - 65, ғылыми-педагогикалық қызметкерлер - 19. Аустралия - 4 адам, Ұлыбритания - 242, Канада - 4, Италия - 7, АҚШ - 54, Германия - 2, Бельгия - 2, Ресей - 4, Нидерланды - 2.

Дереккөз: Tengrinews.kz



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.