Атырауда пара алған тергеу қызметкері ұсталды

29 қараша 2019 17:52 3325 рет қаралды


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері Атырау полиция басқармасының 26 жастағы тергеу қызметшісін - анықтаушыны пара алу кезінде ұстады.

«АЖ» мәліметінше, ол күдіктіден кішігірім қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін 40 мың теңге талап еткен. Пара алушы «Дина» базарының аумағында ұсталды. Жас полиция қызметкері қамауға алынбады, бірақ басқа жаққа шықпау туралы қолхатпен босатылды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Фархат ӘБІЛОВ



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.