Шымкентте жұмысшылар үйінді астында қалып қойды

9 қараша 11:35 422 рет қаралды

Суреттер: ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Шымкентте қазаншұңқыр қазып жатқанда топырақ опырылып, екі жұмысшы үйінді астында қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 8 қарашада Қаратау ауданының Нұрсат-3 шағын ауданында Назарбаев даңғылы бойында болды. Құтқарушылар пультіне хабар 20.54-те келіп түсті. "ЮгСтройСервис-Н" ЖШС жұмысшылары жер қазып жатқанда топырақ опырылды. Жер астында 3 бірлік техника жүргізушілерімен бірге (1 тиегіш, 1 экскаватор және 1 каток) қалды. Қазаншұңқыр тереңдігі 20-25 метр, көлемі 37х37 метр", - деп хабарлады ТЖК өкілі.

Дереккөз: Tengrinews.kz


Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру