«Халықаралық ұйымдар қамаудағы Е.Балтабайды қолдау науқанын бастады», «Қазақстан депутаттары мен олардың шетелдік әріптестері қанша жалақы алады?», «Ресей соты байырғы халықтар құқығын қорғайтын ұйымды жапты», «"ҚазАгро" ҰБХ ішкі қарызы 700 млрд теңге».

8 қараша 15:04 530 рет қаралды

AZATTYQ.ORG  «Халықаралық ұйымдар қамаудағы Ербол Балтабайды қолдау науқанын бастады» - Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясы IndustriALL одағымен бірігіп, кәсіподақ белсендісі Ерлан Балтабайды босату бойынша ғаламдық кампаниясын бастады. Бұл туралы қарашаның 8-і күні қазақстандық адам құқығын қорғау бюросы хабарлады.

«Ресей соты байырғы халықтар құқығын қорғайтын ұйымды жапты» - Мәскеу қаласының соты қарашаның 6-сы күні Ресейдің байырғы халықтарының құқығын қорғаумен бұрыннан айналысып келген "Солтүстіктің байырғы аз халқына көмек орталығы" тәуелсіз ұйымын жабу туралы шешім шығарды. Мұндай талапты орталық жарғысынан қате тапқан Әділет министрлігі қойған. Ұйым жетекшісі Родион Суляндзига билік шешімін құқық қорғаушыларға ашық қысым көрсету деп бағалайды.

365INFO.KZ  «Қазақстанда демографиялық жағдай қарқынды дамуда — сарапшы» Урбанизацияның күшеюі жаһандық тренд болып табылады. Бұл әлемдік үрдіске біздің еліміз де ұшырап отыр. Мұндай пікірді тарих ғылымдарының докторы, профессор Ирина Черных білдірді.

«Мобильді «Күнделік» бағаны неге рубльмен көруді ұсынады?» - ҚР БҒМ пайдаланушылардың наразылығына еш негіз жоқ деп есептейді.

INFORMBURO.KZ. «Баспаналы болудың төрт жолы ұсынылды» - Жаңа тұрғын үй саясаты баспаналы болғысы келетін отбасыларға әлеуметтік жағдайына қарай мүмкіндіктер ұсынуды көздейді.

«"ҚазАгро" ҰБХ ішкі қарызы 700 млрд теңге» - Бұл туралы «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ өткізген жиында белгілі болды. Соған орай, компания өз жұмысына бірқатар өзгерістерді енгізіп жатыр.

QAMSHY.KZ. «Қазақстан депутаттары мен олардың шетелдік әріптестері қанша жалақы алады?» - Жалақы көлемі еңбек өтілі мен парламенттегі қандайда бір комитетке мүшелігіне байланысты белгіленеді. Жалақыға қосымша депутаттар қызметтік пәтер, қызметтік көлік, елішілік, шетелдік іссапарлардың бюджеттен төленуі, тегін медициналық көмек, көмекшілерінің шығындарынның өтелуі сынды игіліктерді пайдаланады. 



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру