Исатайлық браконьер Атырауда ұсталды

8 қараша 15:03 1311 рет қаралды


3 қарашада кешке полиция қызметкерлері Атырау қаласындағы М.Баймұханов көшесінде 32 жастағы Исатай ауданы тұрғыны  жүргізген «Lada Granta» автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде көлік ішінен жалпы салмағы 120 келіден астам бекіре тұқымдас балықтар табылды.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жүргізушінің үйінде тінту жүргізу кезінде ау құралдары мен «Байда» қайығы табылған. Факт бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы («Балық ресурстарын, басқа да су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бейнежазбаны ПД баспасөз қызметі ұсынды


Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру