«Қызыл әтештің» ылаңы қайталанды ма?

8 қараша 13:38 1064 рет қаралды

Көрнекі сурет

6 қарашаға қараған түні Индер ауданы Көктоғай ауылында жеті үйдің мал қорасы мен қысқа дайындаған шөбі өртеніп кетті. Қоралар әр жерде орналасқандықтан тұрғындар біреулер әдейі от салған деп болжам жасайды.

- Түн ортасында сөндіруге мүмкіндік болмады. Жеке өзімнің зейнетақыға алған орама шөптерімнің бәрі жанып кетті,- дейді өкінішпен зейнеткер Роза ЕРМЕКОВА.- Бұдан он шақты жыл бұрын халық арасында "қызыл әтештің ылаңы"  деп аталған осындай қасақана өртеу оқиғалары болған, сол қайталанбаса игі.

Алайда аудандық полиция бөлімінің бастығы Берік ЖАНҰЗАҚОВ мұны жоққа шығарады. Оның айтуынша, сол күні қатты жел болып, жалын қорадан қораға жалғасқан. Өрт фактісі бойынша тексеру жүріп жатыр, нақты себебі сараптамадан кейін белгілі болады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА


Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру