Нәубет жылдар ескерткіші

8 қараша 2019 12:00 1798 рет қаралды

6 қазанда Атыраудағы Ренесанс қонақ үйі алдындағы алаңда «Құмаршық дәні» ескерткіші ашылды. Композицияның Фариза ОҢҒАРСЫНОВА ескерткішінің  маңына орналасуы тегін емес: ақын нәубет жылдары ашаршылықтан аман қалуға себебін тигізген құмаршыққа ескерткіш қою туралы армандаған еді.   

Ескерткіштің авторлары - суретші Асылбек МҰХАМЕТЖАНОВ, қола құюшы Аманжол МҮКЕНОВ, мүсінші Ринат ӘБЕНОВ. Ескерткіш гранит пен қоладан тұрғызылып, алдыңғы және артқы бетіне тарихи оқиғалар бейнеленген. Композицияның жерден биіктігі 4,20 метр. Ескерткіштің алдыңғы бөлігінде құмаршық шөбі, қола рельефте киіз үй, жанында қазан-ошақ басындағы қазақ әйелінің құмаршықтан көже дайындап жатқаны, жанында ас сұраған балалар бейнеленген.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор





Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.