​АҚШ Украинаға әскери көмек беру жөнінде мәлімдеме жасады

8 қараша 11:27 267 рет қаралды


АҚШ Барлау кеңсесі (Есеп палатасы) президент Дональд Трамптың Украинаға әскери көмек көрсетуді жалғастыратынын айтты. 

Politico басылымының мәліметінше, Уашингтонның Киевке қаржылай көмек жөнінде есебі қайта тексерілуі мүмкін. Қорғаныс министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, Уашингтоннан Киевке 2014 жылдан бастап көрсетілген әскери көмек көлемі $1,5 млрд-қа жеткен. 

20 қыркүйекте АҚШ Конгресс өкілдерінің палатасы Украинаға әскери көмекке $ 250 млн бөлуді мақұлдады. Тиісті тармақ Федералдық үкіметті уақытша қаржыландыру туралы конгрессмендер бекіткен заң жобасында жазылған. 

Биыл тамызда Уашингтон Киевке әскери көмек беру шешімін қайта қарамақ болған. Қаржы құрылымына тексеріс жүргізушілердің арасында АҚШ Қорғаныс министрі Марк Эспер мен АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джон Болтон болды. 

Дереккөз: "The Qazaq Times"


Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру