Британияда жүк көлігінен 15 адам табылды

8 қараша 11:07 283 рет қаралды


Эссекстегі оқиғадан бірнеше апта уақыт өткен соң Британияда жүк көлігінен 15 адам табылды, деп хабарлайды CNN

«Англияның оңтүстік батысында жүк көлігінен табылған 15 адам мемлекетке заңсыз кірді деген күдікпен қамауға алынды», деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, жүк көлігінің жүргізушісі, 50 жастағы Ирландия азаматы да оларға көмек көрсеткені үшін қамауға алынды. Полицияның хабарлауынша, жүк көлігінен табылған 16 мен 30 жос аралығындағы ер адамдардың қай мемлекет азаматтары екені әлі белгісіз. 

Бұл оқиға Эссексте жүк көлігінен 39 адамның денесі табылғаннан кейін бірнеше аптадан соң болып отыр. 

Осы аптада Вьетнам полициясы оқиғаға орай сегіз адамды қамауға алғанын хабарлаған еді. Сонымен қатар жүк көлігінің жүргізушісі, 25 жастағы Мо Робинсон өткен айда сот алдында жауап берді.

Дереккөз: Inform.kz


Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру