​Венесуэла оппозициясы үкіметке қарсы ірі ереуілге дайындалуда

9 қазан 11:54 223 рет қаралды


Венесуэла оппозициясы 24 қазанда Сулияның солтүстік-батыс штатында үкімет саясатына қарсы наразылық акциясын өткізбек. Бұл туралы венесуэлалалық оппозиция көшбасшысы Хуан Гуайдоның мәлімдемесіне сілтеме жасаған Union Radio радиостанциясы хабарлады. 

Елдегі халық саны жағынан екінші орынды алатын Маракайбо қаласы орналасқан аймақта су және электрмен жабдықтау, қаржылық дағдарыс мәселелері бірнеше уақыт бойы жалғасып келеді. Үкімет пен халық арасында мәселелерді шешуге бағытталған диалогтың болмауы, елдегі оппозицияның жаншылуы, экономикалық кризис сынды мәселелер шешімін тапсын деген наразы жұрт билікке үндеу тастамақ. Шеруді ұйымдастырушылардың бірі, опопозиционер Гуайдо сөзінде: «Наразылық акциясын ұйымдастыра отырып, біз мемлекетте өзгерістің орын алуын қалайтын халықтың үнін билікке, әлемге жеткіземіз. Сүлияда жиналатын наразы жұрттың пікіріне үкімет назар аударуға тиісті», – дейді. 

Жыл басынан бері Венесуэлада электр беру желілері мен қосалқы станциялар бірнеше рет істен шықты. 7 наурызда бірнеше күнге Каракас және өзге штаттардың көпшілігі жарықсыз қалды. Венесуэла үкіметі ұсынған мәліметтерде Симон Боливар атындағы ГЭС-те диверсияның болғанын айтылған. Өз кезегінде Венесуэла президенті Николас Мадуро елде орын алып жатқан қиындықтарға «американдық империализм кінәлі» деп мәлімдеме жасаған. Ресми АҚШ Мемлекеттік департаменті бұл айыптауларды қабылдаған жоқ. Ал Венесуэланың электрмен жабдықтау ұлттық федерациясының өкілдері электр желілері мен қосалқы станциялардағы апат оларға профилактикалық қызмет көрсету үшін ресурстардың жетіспеушілігінен болғанын бірнеше рет мәлімдеген. 23 қаңтарда Жоғарғы Сот жойылғаннан кейін Венесуэладағы жағдай шиеленісіп кетті. Сол уақытта Ұлттық ассамблея бақылауындағы оппозицияны басқарған Хуан Гуайдо өзін үкімет басшысы ретінде жариялаған. Оған АҚШ-пен қоса алғанда 50-ден астам мемлекет қолдау көрсетті. Еуропалық одақ Гуайдоны елдің легитимді басшысы ретінде таныды. 

Ал Қытай мен Ресей билігі қазіргі президент Николас Мадуро үкіметіне сенім білдіріп, АҚШ және Еуропа елдерінің Венесуэла оппозициясына қолдау білдіруін «халықаралық құқықбұзушылық» деп атаған. 

Дереккөз: Qazaqtimes.com



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру