«Е.Бапи «ЖСДП» партиясы Атырау облысының экс-әкімі Б.Рысқалиевтің иелігінде екенін мойындады», «Мақсат Халық: "Кедейі көбейген қоғам әлеуметтік көмекке аса зәру"», «Көпбалалы отбасыларға жаппай жәрдемақы төленеді. Кім қанша алады?».

8 қазан 15:39 1272 рет қаралды

AZATTYQ-RUHY.KZ «Е.Бапи «ЖСДП» партиясы Атырау облысының экс-әкімі Б.Рысқалиевтің иелігінде екенін мойындады» - Оппозиция өкілі әлеуметтік желіде тараған қолхатқа қатысты түсініктеме берді.

«Қазақстандықтар шетелде қандай валюталармен есеп айырысады?» - Шетелдік валюталардың үздік бестігі: Қазақстандықтар шетелге шыққанда қандай валютамен төлем жасайтыны белгілі болды.

«Көпбалалы отбасыларға жаппай жәрдемақы төленеді. Кім қанша алады?» - Үкімет басшысы қазан айының соңына дейін заң жобасын Парламентке енгізуге тапсырма берді. Заң қабылданса, өзгеріс 2020 жылдан бастап жүзеге аса бастайды.

AZATTYQ.ORG  «Мақсат Халық: "Кедейі көбейген қоғам әлеуметтік көмекке аса зәру"» - Үкімет алдағы жылдан бастап көп балалы отбасыларға жәрдемақы мөлшері көбейіп, табысы аздарға атаулы әлеуметтік көмек беру механизмі өзгеретінін хабарлады. Азаттыққа сұхбат берген экономист Мақсат Халық билік кедей санын аз етіп көрсету үшін ең төменгі күнкөріс деңгейін көтермей отыр деп санайды.

DALANEWS.KZ.  «Болатхан Тайжан: “Сыртқы саясатқа пайдалануға болатын қандастар жұмыссыз жүр”» - Саясаткер, мемлекет және қоғам қайраткері Болатхан Тайжанның әрбір сөзінде ұлтқа деген ұлы ықылас, мемлекетшілдік мүдде мен мұндалап тұратын. Тайжанның осыдан 10 жыл шамасы бұрын берген сұхбаты әлі де өзекті, мұндағы мәселелер әлі де көкейтесті. «Түркістан» басылымында жарық көрген сұхбатты Dalanews.kz ықшамдап оқырман назарына ұсынады.





Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Перейти к комментариям (1)