​ Бағдадта шеруде қаза тапқандардың саны жүзге жуықтады

6 қазан 14:08 524 рет қаралды


Сенбі, 5 қазанда Бағдадта наразылық кезінде тағы сегіз адам қаза тапты. Полиция наразыларға көзден жас ағызатын газ шашып, оқ атты. 

Қалада коменданттық сағат алынғаннан кейін полиция мен тұрғындар қақтығысып қалды. Мыңдаған азамат көшеге шығып, биліктегі жемқорлықты жоюды, тұрғындарды таза сумен, қажетті электр энергиясымен қамтамасыз етуді талап етті. Мұндай наразылық шаралары елдің өзге қалаларында да жалғасты.

Ирактың адам құқығы жөніндегі комиссия дерегіне сүйенген BBC агенттігі 1 қазаннан бері Иракта кемінде 99 адам қаза тауып, 4 мың адам жараланғанын хабарлады.

Associated Press агенттігі Иракта саяси дағдарыс тереңдей түскенін жазды. БҰҰ Ирактағы жағдайға алаңдап, "адамдарға оқу атпауға" шақырды. БҰҰ Бас хатшысының Ирактағы арнайы өкілі Жанин Хеннис-Плассхарт "қантөгіс тоқтатылсын", "оқ атқандар жауапқа тартылуы керек" деді.

Ирактағы шииттер жетекшісі Мұқтада әс-Садр үкіметті отставкаға кетіп, ерте сайлау өткізуге шақырды.

Бұған дейін Ирак премьер-министр Әділ Абдул Маһди тұрғындарды сабырға шақырып, реформа жүргізуге уәде берген. Ол наразылардың мұң-мұқтажын түсінетінін, реформа жүргізуге уақыт беруін сұраған.

Дереккөз: Азаттық радиосы





Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.