"Тек қана алға!": Тоқаев сенсация жасаған Бекзат Нұрдәулетовті құттықтады

22 қыркүйек 14:37 621 рет қаралды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев боксшы Бекзат Нұрдәулетовті Екатеринбургте өткен әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады.    

"Бекзат Нұрдәулетовті Екатеринбургте өткен бокстан әлем чемпионатында көрсеткен керемет өнерімен құттықтаймын. Ол бокстың жарқын үлгісін көрсетті. Спортта Бекзат зор табысқа жетеді деп сенемін. Токио Олимпиадасында Бекзатқа жеңіс тілеймін! Тек қана алға!", - деп жазды президент twitter-дегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, Бекзат Нұрдәулетов Ресейдің Екатеринбург қаласында әлем чемпионы атанды. Финалда жерлесіміз өзбек боксшысы Дилшодбек Рузметовпен кездесті.  

Ал жартылай финалда төрт дүркін әлем чемпионы, Олимпиада жеңімпазы Хулио Ла Крусты жеңіп, сенсация жасаған болатын. Танымал спортшы нокдаун да алып қалды. Осыдан үш жыл бұрын Рио Олимпиадасында дәл осы кубалық боксшы қазақ Әділбек Ниязымбетовтен басым түсіп, чемпион болған еді.

Дереккөз: Sputniknews.kz


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.