Парижде үкіметке қарсы акция барысында 163 адам ұсталды

22 қыркүйек 09:46 517 рет қаралды


Сенбі күні Парижде «сары кеудешелер» қозғалысының үкіметке қарсы акциясында жүзден астам демонстрант ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі. 

Париж полициясының мәліметіне сәйкес, 163 адам ұсталды. Наразылық білдірушілерді ұстау шаралары көбіне митингілерді өткізуге болмайтын жерлерде жүргізілді. Жергілікті БАҚ-тың ақпаратынша, сенбі күні сондай-ақ климаттың өзгеруіне қарсы марш және зейнетақы реформасына қарсылық білдірушілердің манифестациясы өткен. Осы себепті Франция астанасының көшелеріне 7500 полицей жұмылдырылған. Полицейлер өздерін агрессивті ұстаған демонстранттар тобына қарсы көз жасаурататын газ қолданды. Құқыққорғаушыларға тыйым салынған жерлерде жиналып жатқан адамдарды тарқату бұйрығы берілген. «Сары кеудешелер» қозғалысы жанар-жағармай бағасының өсуі болған - өткен жылдың қарашасында құрылды. Алайда, кейін митингілер үкімет саясатына қарсы жаппай демонстрацияларға ұласты. Бұл, «сары кеудешелердің» осымен 45-інші акциясы болып табылады. Авторы Тимур Дүйсекеев Біздің каналымызға жазылыңыз:


Дереккөз: Inform.kz


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.