Лондон мен Брюссель брексит бойынша келіссөзді жалғастыруға келісті

22 қыркүйек 09:39 419 рет қаралды


Ұлыбритания мен Еупопалық одақ брексит бойынша келіссөзді жалғастыруға келісті. Британияның Брексит ісі бойынша хатшысы Стивен Баркли мен Еуроодақтың басты мәмілегері Мишель Барньенің кездесуі осындай нәтижемен аяқталды. 

Басқосуда Брюссель Лондоннан Ирландия шекарасынан тауарлардың кедергісіз өтуіне байланысты нақты ұсыныстар беруін сұраған. Еске сала кетейік, осы айдың бас кезінде британ парламенті үкіметке Еуроодақтан келісімсіз шығуға тыйым салатын заң қабылдаған болатын. Ал өткен сейсенбі күні Еуропарламент те осы сарында құжат қабылдады. Алайда премьер-министр Борис Джонсон қайткен күнде ұйымнан қазанның 31-інде шығамыз деген сыңай танытып отыр.

Дереккөз:24.kz


Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру