​Еуроодақ Ұлыбританиядан өтемақы төлеуді талап етті

21 қыркүйек 13:09 690 рет қаралды


Еуропалық одақ Ұлыбританияға бірнеше шарт қойды. Егер ресми Лондонның орынды дәлелдері болса ғана, Еуроодақтан шығу мерзімін шегере алады. 

Мұнымен қатар, Ұлыбритания Солтүстік Ирландия шекарасында емін-еркін қатынауды сақтап, Еуроодақ алдында қаржылық міндеттемелерін орындауы тиіс. Еуропарламент осындай мазмұнда қарар қабылдады. 

Аталған құжаттың қолданылуын 544 депутат қолдап дауыс берсе, 126-сы қарсы шығып, 38-і қалыс қалған. 9 қыркүйекте Ұлыбритания парламенті Еуроодақтан Brexit мерзімін кейінге қалдыру жөнінде заң қабылдаған болатын. 

Осыған қатысты Еурокомиссия төрағасы Жан-Клод Юнкер: «Бізбен кездесуінде Борис Джонсон Ұлыбритания келісімге жеткісі келеді, бірақ неде болса, 31 қазанда елі Еуропалық Одақ құрамынан шығатынын айтқан. Еш өзгеріс жоқ. Brexit-тің келісімсіз өту қауіпі жоғары боп тұр», – деді. 

Дереккөз: "The Qazaq Times"


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.