Атырауда «Тойота» жасөспірімді қағып өлтірді

21 қыркүйек 11:10 4899 рет қаралды


Бүгін, 21 қыркүйекте, шамамен сағат 9:30-да Атырауда Баймұханов көшесінде ресейлік нөмірі бар Toyota Camry (елулік) көлігі жаяу жүргіншілер өткелінде жолдан өтіп бара жатқан жасөспірімді қағып кетті.

Куәгерлердің айтуынша, соқтығысу кезінде бала 10-15 метр қашықтыққа ұшып кетіп, аяғы бөлініп қалған...

Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Toyota көлігінің жүргізушісі Атырау қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды. ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-тармағы (Адам өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Марқұм - 2002 жылы туған, Атырау колледждерінің бірінің үшінші курс студенті.

Фархат ӘБІЛОВ

Суреттерді түсірген автор


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.