Құлсары қаласының ауруханасында жүкті әйел қайтыс болды

20 қыркүйек 09:59 1959 рет қаралды


17 қыркүйекте 36 жастағы әйел алдын ала қойылған «бактериалды-вирустық этиологиядағы пневмонияға асқынған ЖРВИ» диагнозымен Жылыой аудандық ауруханасына түседі.

Дәрігерлердің айтуынша, емдеу мекемесіне түскенге дейін ол екі аптадай үйінде ауырып, парацетамол ішкен.  Дәрігерлер қанша тырысқанмен, оны құтқару мүмкін болмады - сырқаты реактивті гепатитке, сепсиске ұласқан. 18 қыркүйекте жүктіліктің 20-шы аптасында әйел қайтыс болды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабының 3-тармағы (Адам өлiмiне әкеп соққан медицина жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу Атырау облысы прокурорының бақылауына алынды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.