"Астана" ойыншылары Манчестер қаласына барды

17 қыркүйек 10:03 351 рет қаралды


"Астана" клубының футболшылары мен бапкерлер штабы Манчестерге жетті, мұнда елордалық команда Еуропа лигасының топтық кезеңінің бірінші айналымында жергілікті "Манчестер Юнайтедпен" ойнайды, - деп хабарлайды Vesti.kz

Кездесу "Олд-Траффорд" стадионында 19 қыркүйекте өтеді. Матчты QazSport арнасы тікелей эфирден көрсетеді, басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 01:00-де.  Манчестерге "Астана" келесідей құраммен аттанған: қақпашылар: Ненад Эрич, Александр Мокин, Станислав Павлов; қорғаушылар: Антонио Рукавина, Абзал Бейсебеков, Лука Шимунович, Евгений Постников, Жарко Томашевич, Дмитрий Шомко; жартылай қорғаушылар: Юрий Логвиненко, Рунар Мар Сигурьонссон, Иван Маевский, Юрий Перцух, Серікжан Мужиков, Марин Томасов, Дорин Ротариу, Дидар Жалмұқан; шабуылшылар: Сергей Хижниченко, Рангело Янга, Роман Муртазаев және Фирмин Мубеле. 

Айта кетейік, "Астана" мен "Манчестер Юнайтедтен" бөлек L тобында голландиялық АЗ және сербиялық "Партизан" бар.

Дереккөз: Vesti.kz



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.