Ауғанстанда АҚШ сарбазы қаза тапты

17 қыркүйек 09:43 426 рет қаралды


Ауғанстанда 16 қыркүйекте шайқас кезінде АҚШ әскериі қаза тапқан. Бұл туралы НАТО-ның "Батыл қолдау" миссиясы баспасөз қызметі хабарлаған. Алайда америкалық сарбаздың қандай шайқаста қаза тапқаны туралы әзірге басқа ақпарат жоқ.

Осымен биылғы жыл басынан бері Ауғанстанда қаза тапқан АҚШ әскерилерінің саны 17 адамға жетті.

Бұдан бір аптадан астам уақыт бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп Кэмп-Дэвидтегі резиденциясында Ауғанстандағы "Талибан" қозғалысының жетекшілерімен өткізбекші болған келіссөзден бас тартқан. Трамп кездесуден бас тартатыны туралы Ауғанстан астанасы Кабулда АҚШ сарбазының қазасына себеп болған терактіден кейін мәлімдеген.

Жексенбі, 15 қыркүйекте Ауғанстан қауіпсіздік күштері АҚШ әуе күштерінің қолдауымен "Талибанның" екі "губернаторының" көзін жойған.

Ауғанстанның жоғары лауазымды ресми өкілдері 28 қыркүйекте өтетін Ауғанстан президенті сайлауы қарсаңында ауған әскерилері мен бейбіт тұрғындарға қарсы шабуылдардың алдын алу мақсатында "Талибан" мен "Ислам мемлекеті" экстремистік тобына қарсы бірлескен операциялар өткізу жоспарланып отырғанын айтады.

Ауғанстанның көп бөлігіне бақылау орнатқан "Талибан" қозғалысы елден шетелдік әскерді түгелдей шығаруды талап етіп отыр.

Қазіргі кезде Ауғанстанда "Батыл қолдау" миссиясы аясында АҚШ-тың 14 мыңға жуық әскериі бар.

Дереккөз: Азаттық радиосы


Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру