Жемқор азығы

16 қыркүйек 16:46 1634 рет қаралды


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінің қызметкерлері Исатай аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының (аудандық СЭС) басшысын ұстады. Ол қоғамдық тамақтану саласында жалпы қамқорлық жасағаны үшін кәсіпкерлерден 50-80 мың теңге аралығында жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілініп отыр.

- Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды, - деп хабарлады ведомствода.

Фархат ӘБІЛОВ


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.