«Жанболат Мамай: Тоқаев та, Назарбаев та популизммен айналысып отыр», «Өзбекстанның АЭС салу жоспарына Қазақстандағы реакция», «Азия қаламгерлерінің алғашқы форумы қалай өтті?», «Санкция салқыны отандық шағын және орта бизнесті ойсыратпай ма?».

13 қыркүйек 11:17 1529 рет қаралды

AZATTYQ.ORG «Өзбекстанның АЭС салу жоспарына Қазақстандағы реакция» - Ресеймен атом электр станциясының құрылысы туралы келісімге қол қойған Өзбекстан болашақ ядролық нысан Қазақстан шекарасынан ондаған километр қашықтағы Тұзқан көлі тұсында орналасуы ықтимал екенін айтты. Қазақстан экология министрлігі Ташкенттен Нұр-Сұлтанға АЭС салу жоспары туралы ресми хабарлама келмегенін айтады. Ал энергетика министрлігі Өзбекстан АЭС құрылысы туралы көрші мемлекеттерге ескертуге міндетті емес деп есептейді. Қазақстандық экологтар ведомство мәлімдемесімен келіспейді.

«Шетелдік жұмысшылармен жанжалдан соң билік жергілікті маман даярлауды қолға алды» - Тамыздың 12-сі күні Жәйремде болған жанжалда бірнеше шетелдік жұмысшы жапа шеккен. Тұрғындар жұмысқа тұрудың қиындығы мен кәсіпорындардың шетелдіктерді жұмысқа тартуға әуес екенін айтып, наразылық білдіреді. Билік жұмыс мәселесін шешуге уәде беріп отыр.

«Азия қаламгерлерінің алғашқы форумы қалай өтті?» - AzattyqLIVE-та жақында Нұр-Сұлтанда өткен Азия қаламгерлерінің бірінші форумының мән-жайы талқыланды. Хабар қонақтары - Қазақстан жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары, ақын Ақберен Елгезек және ақын, аудармашы Дәурен Берікқажыұлы.

«Түркіменстандағы режимнің билікте қалуына кім мүдделі?» - Жақында "Газпром" Түркіменстаннан газ сатып алу туралы келісім-шартқа қол қойды. Іс жүзінде Ресейдің энергетика алпауытына бұл газдың қажеті де шамалы еді. Ресей газдан гөрі Түркіменстандағы режимнің билікте қала беруіне ерекше құлықты болған сияқты.

QAMSHY.KZ. «Жанболат Мамай: Тоқаев та, Назарбаев та популизммен айналысып отыр» - Жыл басынан бері Қазақстанда көптеген саяси оқиғалар орын алды. Билік транзиті, қазіргі билікке деген наразылық акциялары, елдегі оппозициялық ұйымдардың өз ішіндегі алауыздығы, билікті сынаған белсенділердің қудалауға ұшырауы және т.б.  Әсіресе, елде парламент сайлауы жақындағанда оппозициялық жалғыз партия "Ақиқат" ЖСДП-ның ішінен "жік шыққаны" қоғамда түрлі пікір тудырды. Осыған байланысты Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі тәуелсіз журналист, қоғам белсендісі Жанболат Мамайдан алған сұхбатын назарларыңызға ұсынады.  

«Санкция салқыны отандық шағын және орта бизнесті ойсыратпай ма?» - Кеше Ресейдің бірінші вице-қаржы министрі Антон Силуанов Қытай мен АҚШ-тың арасындағы және Еуроодақ пен Ресей арасындағы санкциялар алмасуының әсері енді шыға бастайтынын жасырмады.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.