Оқулықтар жауынның астында қалды

12 қыркүйек 2019 15:37 1808 рет қаралды

Әлеуметтік желілерде 11 қыркүйекте Атыраудағы №2 мектептің ауласында жауыннан жиналған шалшық үстінде тұрған кітап қаптамалары түсірілген бейнежазба таралып кетті. «АЖ» бұл турасында қалалық әкімдіктен түсінік алды.

- Иә, бұл №2 мектеп аумағында түсірілген. Бұл жерге Атырау мектептеріне арналған, уақытынан кешігіп келген оқулықтар жиналған еді. Осы жерден кітаптар автобустарға тиеліп, мектеп кітапханаларына жеткізіледі. Күндіз шамалы жаңбыр жауып, оқулықтарды жабындының астына таси бастаған. Жалпы, бұл жағдай ұзаққа созылмады, алайда бәрібір видеоға түсіріліп, желіге тарап кетті, - дейді Атырау әкімінің орынбасары Ұлықбек ТІНӘЛИЕВ.

Ол осы әңгімені кейін арнайы болған брифингте де айтты.

Естеріңізге салсақ, биыл облыс мектептеріне оқулықтар сатып алуға 1 млрд 164 млн теңге бөлінді.


Фархат ӘБІЛОВ

Суреттер мен бейнежазба әлеуметтік желілерден алынды



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.