Сарыөзектің арнасы кеңейеді

11 қыркүйек 16:40 908 рет қаралды
Қиғаш өзенінің тармағындағы тереңдету жұмыстары, «АЖ» мұрағатынан алынған сурет


31 тамызда Сарыөзекте тереңдету жұмыстары басталды, - деп хабарлады Атырау қаласы әкімінің орынбасары Шәкір КЕЙКИН. Жайық өзенінің бұл тармағы Махамбет ауданынан бастап 56 шақырым ұзындықта түбі тереңдетіліп, жағалауы нығайтылады, шлюздер мен көпір өткелдері салынады. Мердігері - «Нуркапстройгаз» ЖШС.

Ал осы жерде орналасқан шаруа қожалықтары мен бау-бақша серіктестіктерінің бір бөлігі тікелей жағалау белдеуіне шығатыны анықталып, балшық сорғыш кемелер жұмыстарын бастап кете алмай тұр.

Тамыздың ортасында қала әкімшілігі өзінің atyrau.gov.kz сайты арқылы жер пайдаланушылардан заңсыз басып алынған аумақты босатуды сұраған еді. Аумақты өз бетімен заңсыз басып алу үшін ірі айыппұл қарастырылған, бірақ әзірге билік қарапайым ескерту жасап отыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ


Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру