Омбудсмен: Ресей түрмесінде әлі жүзден астам Украина азаматы бар

11 қыркүйек 14:55 250 рет қаралды

Людмила Денисова

Киев пен Мәскеу Ресей түрмесінде қалған 113 Украина азаматын бостандыққа шығару мәселесін талқылап жатыр деп хабарлады Украина омбудсмені Людмила Денисова.

10 қыркүйекте украиналық арналарға берген сұхбатында Денисова 113 азаматтың (89 Қырым татары) қашан бостандыққа шығатынын нақты айта алмайтынын, бірақ "жыл соңына дейін шығарып қалар" деп, үміті барын жеткізді.

Ресей мен Украина 7 қыркүйекте бір-біріне 35 тұтқынды (жалпы саны 70) тапсырған. Кейбір батыс сарапшылары бұл алмасу Киев пен Мәскеу арасындағы салқын қарым-қатынасты қалпына келтірер деп үміттенеді.

Киевке оралған 35 Украина азаматының арасында Қырым татар белсендісі Эдем Бекиров та болды. Оның заңгері Николай Полозовтың айтуынша, Бекировтың денсаулығы қатты нашарлағандықтан оны босатқан.

Украина президенті Владимир Зеленский 7 қыркүйекте Азаттықтың Украин қызметіне берген сұхбатында Ресейде қамауда қалған украиналықтар тұтқындар алмасудың келесі кезеңінде елге оралатынын айтты.

“Бұл жерде мәселе бір немесе екі, үш жыл туралы болып отырған жоқ. Оларды мүмкіндігінше елге тезірек қайтаруға күш саламыз” деді Зеленский.

Дереккөз: azattyq.org 


Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру