Мьянма миллионнан астам рохинжа мұсылмандарының мекенін жоқ қылған

11 қыркүйек 12:16 311 рет қаралды


Бұдан 2 жыл бұрын 700 мыңнан астам рохинжа мұсылмандары Мьянмадағы әскери операциялардан жан сауғалап қашып, Бангладешке барған еді. Қазір Бангладеш жерінде миллионнан астам рохинжалар босқындар лагерінде өмір сүруде. 

Тамыз рохинжаларды мекендеріне қайтару әрекеті тағы да іске аспай қалды. Олар Мьянма жеріне барсақ тағы да қырғынға ұшыраймыз деп қорқады. Мьянма үкіметі осыдан бұрын рохинжаларды қабыл алуға дайын екенін білдірген. Алайда, BBC-дің анықтауынша, Мьянма әскерилері Ракхайн аймағындағы рохинжалардың мекенін бүтіндей өзгертіп, олар жасаған ауылдарды түп-тамырымен жоқ қылауда. 

Қазір Мьянманың көші-қон полициясы шетелдік журналистерге босқындарды қабылдауға дайын екенін көрсетуге тырысып жатыр. Алайда Мьянма тарабынан құрылған жаңа «транзит лагерлерінің» жағдайы тым нашар. Оның үстіне лагерлер сым торларменен қоршалып, қарауыл мұнарасы орнатылған. Лагер маңын қарулы әскерлер күзетіп жүреді. Бангладештегі лагерлерде жасап жатқан рохинжа мұсылмандары Мьянма шекарасынан өтуден қорқады. Олар ондағы болашағының не болатынын анық білмейді. Қайталай қырғыншылыққа ұшыраймыз деп үрейленеді. 

Оның үстіне Мьянма үкіметі рохинжаларға жасалған қырғыншылықты анықтау, қылмыстыларды жазалауға және олардың болашағына анық кепілдік те берген жоқ. Мьянма үкіметінің құрып жатқан лагерлері жүз мыңдаған мұсылманның жасауына емес, керісінше олардың еркіндігін шектеп, бақылауда ұстауға жасалғаны анық байқалады. BBC тілшісі Мьянмадағы жағдайды таныстыра отырып, «бұл жерге мұсылмандар ешқашан қайтып келмесі анық» деп түйіндейді. 

Дереккөз: qazaqtimes.com 


Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру