«Тоқаев сұхбатында Қытаймен "сенім мен пайдаға" негізделген байланысты айтты», «Қытай инвестициясы: жұрт үрейі һәм билік мүддесі», «"Қоштасу өте қиын": Мұхтар Жәкішевтің қызы Әйгерімнің жеті жыл бұрын жазған хаты».

10 қыркүйек 15:13 817 рет қаралды

AZATTYQ.ORG «Тоқаев сұхбатында Қытаймен "сенім мен пайдаға" негізделген байланысты айтты» - Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың орталық мемлекеттік телеарнасына (CCTV) берген сұхбатында Пекинмен "жан-жақты стратегиялық әріптестікті нығайту" Нұр-Сұлтан үшін "аса маңызды" міндет екенін айтты. Қазақстанда қарсылық акциясына қатысушылар Тоқаевты Қытай сапарынан бас тартуға шақырып жатқан тұста алынған сұхбаттан үзінділер ресми сапар қарсаңында жарияланды.

«Қытай инвестициясы: жұрт үрейі һәм билік мүддесі» - Қыркүйектің басында Жаңаөзенде "Қазақстандағы Қытай жобаларына" қарсы наразылық шарасы өтті. Кейін елдің бірнеше қаласында да жаңаөзендіктерді қолдап "Қытайдың 55 зауытына қарсы" акция болды. Қазақстанда Қытайға қарсы наразылық неден тұтанды? Жұрттың алаңдауында негіз бар ма? Азаттық тілшісі сарапшылардан жұрт қарсы болған Қытай инвестициясының Қазақстан экономикасындағы орны жайлы пікір сұрады.

INFORMBURO.KZ. «Тексерілген 38 кәсіпорынның 19-да қазақстандық жұмысшыларға шетелдіктерден 1,5-2 есе төмен жалақы төленген» - Министірдің айтуынша, Бас прокуратура мен еңбек инспекциясы 63 кәсіпорынды тексеріп жатыр. 38 кәсіпорында тексеру аяқталды, олардың 19-ында қазақстандық және шетелдік жұмысшылары еңбекақысының тең болмауына байланысты 161 дерек анықталды.

«Алматыдан 10 миллион теңгеге қандай пәтер сатып алуға болады?» - Алматыдан бар болғаны 10 миллионға пәтер сатып алу мүмкін бе? Қанша бөлмелі болады? Қаладан қандай ұсыныстар бар? Informburo.kz пәтерді дәл қазір сатып алу керек болған жағдайда осы қаржыны қалай жарату керектігін білді.

QAMSHY.KZ. «"Қоштасу өте қиын": Мұхтар Жәкішевтің қызы Әйгерімнің жеті жыл бұрын жазған хаты» - Әлеуметтік желіде Мұхтар Жәкішевтің қызы Әйгерімнің осыдан жеті жыл бұрын жазған хаты пайда болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Хаттың толық мәтінін журналист Белла Орынбетова өзінің фейсбук парақшасына жариялады.

QAZAQTIMES.COM. «Гонконгтан кейін Тайуан: Қытай басшысы Тайуанды күшпен басып алуға тырысуы мүмкін?» - АҚШ пен Қытай қазір әлем экономикасында бірінші және екінші орындарын иелейді. Екі елдің әскери қуаты да әлемнің алдынғы қатарларында. 



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру