​Мәскеудегі ереуілге балаларымен шыққан ата-аналар сотқа тартылуда

23 тамыз 10:43 549 рет қаралды


Мәскеудегі ауқымды ереуілде жас нәрестелерін көшеге алып шыққан ата-аналар сұраққа тартылуда. Оларға балаларының өмірін тәуекелге тігіп, оппозицияның наразылық ереуіліне алып шыққан деген айыптар тағылған.  

Жақында Мәскеуде болған ауқымды наразылық жүрістері соңғы жылдардағы оппозициялық ірі наразылық шарасы қатарлы тіркелді. Қазір полиция тарабы наразылық жүрістері кезінде балаларын көшеге алып шыққан ата-аналарды іздестіруде. Тіпті, балаларымен көшеде болған кейбір ата-аналарға мақсатты түрде оппозиция жетекшілерінің құтылып кетуіне көмектесіп, балаларын көтертіп қойғанын айтады. Қазір бұл ата-аналардың ісі сотта қаралуда. Егер сот үкімі полицияның айыптауын дұрыс деп тапса, балаларымен ереуіл арасында болғандар ата-аналық құқығынан айырылып, балалары мемлекеттік қамқорлығына алынбақ. Ал, бұндай айып тағылған ата-аналар мен өзге де тұрғындар бұған келіспейді. Олар полицияның бұл әрекеті халықты наразылық шарасына шығармаудың жаңа амалы деп бағалайды. 

Дереккөз: qazaqtimes.com


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.