Спорт жаңалықтары

15 тамыз 00:00 1459 рет қаралды

ЕРКІН КҮРЕС


Бұл күндері күрестің барлық түрлерінен жастар арасында әлем чемпионаты өтіп жатқан Таллиннен жақсы жаңалық келді. Атыраулық палуан Талғат Сырбаз жарыстың қола жүлдегері атаныпты.

65 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Талғат алдын-ала шеңберде Франция мен Украина өкілдерін жеңді. Жартылай финалда ол ресейлік Курбан Шираевтан ұтылып қалған. Қола алқа үшін күрескен жерлесіміз армян спортшысы Вазген Теванянды айқын жеңді.

Т.Сырбаздың өткен жылы да әлем чемпионатында қола нәтижеге қол жеткізгенін атап өткен жөн.


МИНИ-ФУТБОЛ

«Real Sport» спорт залында ардагерлер арасында шағын футболдан Атырау қаласының ашық біріншілігі өтті.

«Кедентранссервис» командасы турнирдің үміткер командасы «Алламан» командасын 3:0 есебімен жеңіп, жеңімпаз атанды. «Алламан» қола жүлдегер болды. «Каспий» командасы «Болат Ардагер» командасын осындай есеппен ұтып, күміс жүлдеге ие болды. Үздік ойыншыларға: шабуылшы - Жексенбай Құсайыновқа, бомбардир - Қанат Мусинге, қорғаушы - Самат Шариповқа арнайы сыйлықтар берілді.


АУЫР АТЛЕТИКА

2016 жылғы Олимпиада чемпионы Атыраудың намысын қорғайтын Ниджат Рахимов Талдықорғанда өткен ауыр атлетикадан ҚР Спартакиадасының күміс алқасын жеңіп алды.

81 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен ол 145 кг зілтемірді жұлқып көтеріп, 187 кг зілтемірді серпи көтерді. Осылайша, Ниджат қоссайыста 332 кг нәтижеге қол жеткізді, бұл чемпион атанған Айдар Қазовтың жетістігінен 3 кг-ге аз. Қазір Ниджат ұлттық құрамада Әлем чемпионатына дайындалуда.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.