Бізде де Джордондар өсіп келеді

13 тамыз 17:39 790 рет қаралды


Атыраулықтар жасөспірімдер баскетболы бойынша екі жас санатында өткен қысқы және жазғы чемпионаттардың жеңімпазы атанды. №1 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бапкері Амантай ТОРҒАЕВ бір жыл ішінде төрт алтын алқа иеленіп, өзгеше рекорд орнатты. Спортшылардың тәлімгері шәкірттерінің жетістігі туралы «АЖ»-мен бөліскен еді.

«АЖ» ақпараты:
Амантай Торғаев, 57 жаста, №1 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің (Авангард) аға бапкері, ардагерлер арасында 2012 жылғы ҚР чемпионы, бапкерлік өтілі 30 жыл.

- 2005 жылғы спортшылардың үлкен командасы ҚР қысқы чемпионатында барлық қарсыластарынан 20 ұпай артықшылықпен басым түсті. Бокста айтылатындай, айқын басымдықпен жеңді, - дейді Торғаев.

- Бірақ жазғы чемпионатта шәкірттеріме біраз еңбектенуге тура келді. Финалда Еуропалық Лигада жеңген «Фитнес-Алматы» командасына қарсы ойнады. Матч бойына біз қуып жетуші рөлінде болдық. Финалдық ысқырыққа 20 секунд қалғанда есеп теңестіріп, Ахан Мұхажанов қарсыластар себетіне доп салды. Таблода есеп 82:80 болды, біз жеңдік!

2006 жылғы спортшылардың кіші командасы қысқы чемпионаттың финалында табандылықпен «Ақтөбе» командасын ұтса, ал жазғы чемпионатта барлық командаларды үлкен басымдықпен жеңді.

- ҚР чемпионаттарында өздерін көрсете білген екі команданың мықты ойыншыларын атасаңыз?

- Үлкен командадан - Никита Крюков пен А.Мұхажанов, кіші командадан - Данил Миржанов пен Бейбарыс Қанат.



- Баскетболдағы басқа жаңалықтар туралы айтып берсеңіз.

- Биыл Атырауда облыстық Junior NBA чемпионаты алғаш рет өтті. Жарысқа 15 мектептен ұл-қыздар командасы қатысты. Мен дайындаған Алтынсарин атындағы №11 мектептің ұлдар командасы финалда №19 мектептің командасын 20 ұпайға артықшылықпен жеңіп, осы жарыстың жеңімпазы атанды.

Ойындар NBA регламенті бойынша өткізілгендіктен, Батыс конференцияның Суперфиналы да өтті. Онда біз ақтаулық турнир жеңімпаздарына қарсы ойнап, 42:40 есебімен жеңіске жеттік. Б.Қанат үздік ойыншы ретінде танылды. Біздің ойыншыларға 2019 жылғы Junior NBA жеңімпаздарының жүзіктері табыс етілді.

Сондай-ақ, биыл Рүстем Төлеудің басшылығымен Х.Досмұхамедов атындағы АМУ-дің студенттер командасы финалда Қарағанды университетіндегі қарсыластарын жеңіп, екінші рет Қазақстан Республикасының баскетболдан ұлттық студенттер лигасының чемпионатын жеңіп алды. Біздің ойыншы Ильяс Нағимов турнирдің үздік ойыншысы деп танылды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Мұрағаттан алынған суреттер


Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру