«"Мен үшін бұл - жалған құрылым". Д.Сәтпаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі жайлы», «"Төңкеріс жасамақ болды". Атамбаевқа жаңа айыптар тақты», «Күнкөріс минимумынан министр жалақысына дейінгі "сиқырлы сандар"», «Б.Әйтімова: Менің саяси карьерам аяқталды».

13 тамыз 15:27 1674 рет қаралды

AZATTYQ.ORG «"Төңкеріс жасамақ болды". Атамбаевқа жаңа айыптар тақты» - Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа "тәртіпсіздіктер ұйымдастыру", "заңсыз қару айналымы", "тергеуге кедергі жасау", "кепілге адам алу", "кісі өлтіру" және "адам өлтіруге оқталу" баптары бойынша айыптар тағылды.

«"Мен үшін бұл - жалған құрылым". Досым Сәтпаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі жайлы» - Қазақстанда тамызда ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өтпекші. Кеңес саяси транзит уақытында күшейген наразылық акциялары кезінде билік пен қоғам арасында диалог орнату үшін құрылған. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы қарсаңында саясаттанушы Досым Сәтпаев Азаттыққа бұл бастаманың қоғамға қандай пайдасы барын айтып, "саяси жылымық" туралы ойымен бөлісті.

QAZAQTIMES.COM. «Күнкөріс минимумынан министр жалақысына дейінгі "сиқырлы сандар"» -  ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті деректері бойынша дайындалды. Биылғы маусым айындағы деректеріне сәйкес елдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің маңызды санатының бірі орташа айлық жалақы бағалау бойынша 177 963 теңгені құраған. Жыл басында күшіне енген ең төменгі жалақы көлемі 42 500 теңге шамасында межеленген болатын. 

ABAI.KZ. «Бірғаным Әйтімова: Менің саяси карьерам аяқталды» - Кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірлі-жарым ауыс-түйіс жасады. Зейнет жасына жеткені бар, асқаны бар, төрт-бес сенаторды қызметінен алды. Орнына ескі һәм жаңа сенаторларды тағайындады, білесіздер.

CAMONITOR.KZ. «ЕАЭО азаматтығы: Кремльдің «баяу жылжып келе жатқан экспансиясы» шындыққа айнала ма екен?» - Ресей билігінің бұрмаланған дәліздерінде Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдердің халқын «аса құнды құжатпен», яғни ЕАЭО белгісі бар паспортпен марапаттау ойы кезекті рет туындады.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру