Атамбаев өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

13 тамыз 14:56 629 рет қаралды


Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев кісі өлтіргені және басқа да аса ауыр қылмыстары үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Атамбаевтың жасаған аса ауыр қылмыстарына өмір бойы қамауға алу туралы шешім шығуы мүмкін екенін түсіну үшін заңгер болудың керегі жоқ", - деді құқық қорғаушысы Рита Қарасартова. Оның айтуынша, ол әлі Атамбаевқа тағылған жаңа айыптарға нақты баға беруге дайын емес, себебі олардың негізі бар екенін тергеу мен сот дәлелдеуі тиіс. "Алайда, біз қазір билік пен Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті тарапынан қысым ғана болып жатқанын көріп отырмыз. Телеарналар жабылып, қақтығыс болған Қой-Таш ауылының тұрғындарын себепсіз қамап жатыр. Мұның барлығын Атамбаев өзі президент кезінде бастады. Ол қазір өзі бастаған саясаттың салдарын көріп жатыр", - деді ол. Мұның алдында Мемлекттік ұлттық қауіпсіздік көмитетінің басшысы Алмазбек Атамбаевқа мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындалды деген айып таққан.  МҰҚК төрағасы Орозбек Опумбаевтың айтуынша, Алмазбек Атамбаев пен оның жақтастары адамдарға, әсіресе әйелдер мен қарттарға ақша беріп жанында ұстаған. "Ол мемлекеттік төңкеріске дайындалғанын ашық мәлімдеймін. Атамбаев шақыртуға келмейтінін айтқанда, мен "Альфа" арнайы жасағын пайдалану туралы шешім қабылдадым", - деді ол.

Дереккөз: Tengrinews.kz

 

 




Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.