Үкімет Қытайдың қарызынан бас тартты: LRT құрылысына ақша қайдан алынады

13 тамыз 14:06 529 рет қаралды


Елордадағы жеңіл рельсті көлік құрылысын аяқтауға қажет қаражатты "Халық банк" беретін болды. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Халық банкпен 3% мөлшерлемемен 500 миллион доллар және "Бәйтерек" холдингімен тағы 100 миллион доллар қарыз туралы келістік. Жұмысты биыл бастау үшін бұл жеткілікті. Жақын арада облигациялар шығарылады", - деді Көлгінов үкімет кулуарында.

Ол үкіметтің Қытайдың қарызынан бас тартып, осы арқылы 800 миллион доллар үнемдегенін еске салды.

"LRT бойынша барлық нормативті-құқықтық актілер үкіметтік және жергілікті атқарушы органдар деңгейінде қабылданды. Қазір екінші деңгейлі банктермен жұмыс жүргізіліп жатыр", - деді елорда әкімі.

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана LRT жобасын сынға алған болатын. Президенттің айтуынша, жоба тиімсіз болса, оған үнемі субсидия бөліп, бюджет қаржысын жұмсауға тура келеді.

Бастапқыда LRT жобасының құны 1,8 миллиар доллар болған еді. Қытайдың даму банкінен қарыз алған жағдайда, үкімет 2,6 миллиард доллар қайтаруы тиіс болатын. Алайда мемлекет шетелдік қарыздан бас тартты.

Дереккөз: Sputniknews.kz


Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру