«Атырау» Бразилия мен Хорватиядан келген легионерлермен толықты

13 тамыз 12:21 1349 рет қаралды

Алекс БРУНО

«Атырау» футбол командасы екі жаңа ойыншымен толықты, олар  – бразилиялық жартылай қорғаушы Алекс БРУНО және хорватиялық қорғаушы Себастьян АНТИЧ.  

25 жастағы Алекс Бруно бұрын Оңтүстік Корея және бразилиялық клубтарда ойнады. Ал, 27 жастағы Себастьян Антич «Аль-Кува Аль-Джавия» ирак клубының намысын қорғап келді.

Себастьян АНТИЧ


Еске сала кетейік, 10 тамызда «Атырау» өз алаңында қызылордалық «Қайсардан» 1:3 есебімен ұтылып қалды. Сөйтіп, турнирлік кестенің 10-шы орнында тұр.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Суреттерді «Атырау» ФК баспасөз қызметі ұсынды


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.