Қауіп төніп тұр: Қытай билігі тұрғындарға ескерту жасады

9 тамыз 2019 11:17 1338 рет қаралды


"Лекима" супертайфунының жақындауына байланысты Қытайдың орталық метеорологиялық қызметі дабылдың қызыл деңгейін жариялады, деп хабарлайды РИА Новости.

Жұма күні таң атқан кезде тайфун Қытайдың Чжэцзян провинциясының жағалауынан оңтүстікке қарай 365 шақырым жерде болған. Желдің ең қатты екпіні 17 балл (секундына 60 метр).

Синоптиктердің болжамына сәйкес, жылдамдығы сағатына 20 шақырым болатын "Лекима" солтүстік-батысқа қарай ығысады. Сенбінің таңына дейін Чжэцзян провинциясының жағалауына жетеді. Желдің ең қатты екпіні - 14-16 балл.

Бұдан соң тайфун біршама бәсеңдеп, солтүстікке қарай ығысады. Синоптиктер Қытайдың оңтүстік-шығыс ауданында жұма және сенбі күндері дауыл болып, нөсер жауады деп ескертіп отыр. Су тасқыны сынды апаттың болу қаупі бар.

Синоптиктер тіпті кемелердің теңізден оралып, тұрғындардың қауіпсіз жерде қалуы керектігін ескертті.

Дереккөз: Sputniknews.kz

 



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.