Шахматтан облыс чемпионы Серік Кенжеев World Open-2019 сайысында 3-орын алды

5 тамыз 11:52 734 рет қаралды

Фото: kazchess.kz

Жас шахматшы, облыс чемпионы Серік Кенжеев АҚШ-та өткен World Open 2019 турнирінде үшінші орын алды.

Серік 247 бәсекелесінен басым түсіп, соңғы турда FIDE шебері Эдуардо Раголтуды жеңіп шықты.

- Турнир соңында 31-орынға шықтым. Тағы бір тең сайыс мені үшінші орын алуға деген үмітімнен айырар еді. Мен бар күшімді жиып, соңғы 4 партияда жеңіске жеттім, - деп әңгімеледі спортшы.

World Open – Филадельфияда немесе Нью-Йоркте жыл сайын өтетін ашық шахмат турнирі. Турнирде медаль берілмейді, сыйлықтар, ақшалай жүлдемен марапатталады. Серік сыйақы мөлшері туралы жария етпеуді жөн көрді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.