Техастағы атыс: оқиғаның мән-жайы анықталды

4 тамыз 10:38 397 рет қаралды


Техас штатының губернаторы Грег Эбботт Эль-Пасо қаласындағы сауда орталығында оқ жаудырған ер адамның ұсталуы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Эбботттың айтуынша, сауда орталығындағы атыс туралы ақпарат жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша 10.39-да (Нұр-сұлтан уақыты бойынша 21.39-да) түскен. Полицейлер оқиға орнына алты минуттан кейін келген. 11.06-да (Нұр-сұлтан уақытымен 22.06-да) күдікті ұсталды. Жалпы операция 21 минутқа созылды. Ер адам тәртіп сақшыларына өзі берілген. Бұған дейін Техастың батысындағы Эль-Пасо қаласының Walmart сауда орталығында атыс салдарынан 20 адам қаза тапқаны, 20 астам адам жарақат алғаны мәлім болған. Қару ұстаған адам 21 жастағы Патрик Крузиос болып шықты. 

Полицейлер бір адамның ұсталғанын растады, дегенмен, мұның алдында атысты ашқан адамдардың бірнешеу екені хабарланған. Сауда орталығында оқ атпас бұрын ер адам өзінің Twitter-дегі парақшасында наурыздың ортасында Жаңа Зеландиядағы мешіттерде болған лаңкестік әрекетті қолдап, манифест жариялаған. Бұл қайғылы оқиға 50 адамның өмірін қиған еді.

Дереккөз: Tengrinews.kz


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.