Дональд Трамп Владимир Путинге Сібірдегі орман өртін өшіруге көмек ұсынды

1 тамыз 10:10 392 рет қаралды


АҚШ президенті Дональд Трамп РФ президенті Владимир Путинге телефон соғып, орман өртін өшіруге көмектесуді ұсынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. 

«Бүгін кешкісін Америка тарапының бастамасымен Владимир Путин мен Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесті. АҚШ президенті Ресейге Сібірдегі орман өртін сөндіруге көмектесуді ұсынды», - деп мәлімдеді Кремльдің баспасөз қызметі. РФ Президенті Трампқа көмегін ұсынғаны үшін шынайы алғыс білдіріп, қажет болғанда Ресей ол көмекті пайдаланатынын айтқан. Путин америкалық әріптесінің осы ұсынысын алдағы уақытта Мәскеу мен Вашингтон арасындағы қатынастарды толық қалпына келтірудің кепілі ретінде бағалады.

Дереккөз:  inform.kz 


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.