Трамп пен Зеленский телефонмен сөйлесті

26 шілде 09:41 777 рет қаралды


АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский телефонмен сөйлесті. Бұл туралы 25 шілдеде Ақ үй хабарлады.

Зеленскийге телефон шалған Трамп оны Украинадағы парламент сайлауының сәтті өтуімен және президенттің "Слуга народа" партиясының жеңіске жеткенімен құттықтады.

Зеленский "Ресейге салынған санкция күшін сақтап, қысымды үдетіп отырғаны" үшін АҚШ-қа алғыс айтқан. Украина президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, АҚШ президенті "Украинаның жаңа билігі ел беделін жақсартып, АҚШ пен Украина арасындағы өзара іс-қимылды жүзеге асыруға кедергі болып отырған жемқорлық істерді толық тергеп- тексеретіне" сенім білдірген.

Бұдан кейін екі ел жетекшісі АҚШ пен Украина арасындағы энергетикалық және экономикалық ынтымақтастық жайын сөз еткен.

Бұған дейін Владимир Зеленскийдің Дональд Трамп шақыруымен Вашингтонға баратыны хабарланған, дегенмен нақты қай күні баратыны айтылмады.

Дереккөз: Азаттық радиосы

 


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.