Тұмар тағу дінге қайшы ма?

23 шілде 16:42 1364 рет қаралды

- Құран оқи алмаймын. Жуырда орталық «Иманғали» мешітіне имамдардан тұмар жаздырып алайын деп барғанмын. Алайда ондағылар мені біз тұмар жазбаймыз деп шығарып салды. Ал, базарда сататын дайын тұмарлардың ішінде не жазылғаны белгісіз. Жақында Нұрсұлтан қаласына жолым түсіп, тұмарды сол жақтағы мешіттен жаздырып алдым. Сонда Қазақстанның әр қаласында ұстаным әр түрлі болғаны ма?

«АЖ» поштасынан

Сұраққа «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан-қажы МАНСҰРОВ жауап берді.

- Имамдар тұмар жазып берді ме? Жазса жазған да шығар. Негізі тұмар көп жағдайда сатылымда тұрады. Бірақ оның ішінде дұрыс нәрсе жазылмайды. Кейбіреулер сатып алған тұмарын оқып берші деп алып келеді, оқиын десең түсінбейсің. Ішіне шынайы аят жазылса бір сәрі. Негізі біз тұмарға сенбеңдер, құтқаратын тұмар емес Алла Тағала дейміз. Көпшілік тұмарды мойынға таққаннан кейін менің тұмарым бар бәрінен құтқарады деген сенімге еріп жатады. Сол үшін тұмар тақпауға кеңес береміз.  

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ




Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.