Жеңіс Қасымбек елордадағы LRT құрылысы қашан аяқталатынын айтты

23 шілде 09:50 456 рет қаралды

Фото: ҚазАқпарат

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек елордадағы LRT құрылысы қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Нұр-Сұлтан қаласында жеңіл рельсті көлік жобасын жүзеге асыру қазіргі уақытта елорда әкімдігі «Проблемалы кредиттер қоры» АҚ-мен, Ұлттық банкпен және Қаржы министрлігімен бірге «Астана банкі» АҚ-дағы бұғатталған қаржысын алу мәселесін қарастыруда. Жобаны одан әрі іске асыру мәселесі 24 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласын дамыту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында қаралатын болады», - деді Ж. Қасымбек Үкімет отырысында. 

Осы орайда ол аталған нысанның құрылысын аяқтау жөнінде Президенттің тапсырмасы болғанын еске салды. 

«Алдағы уақытта әкімдік осы жобаны жүзеге асырудың нұсқаларын ұсынады. Мемлекеттік комиссия отырысының қорытындысы бойынша толық ақпаратты беретін боламыз. Жоба аяғына дейін жеткізіледі, нысанды тапсыру мерзімі алдағы жылдың соңына белгіленіп отыр», - дегі Үкімет басшысының орынбасары.

Дереккөз: Іnform.kz 


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.