Басылсайшы, бауырым

11 шілде 14:41 1677 рет қаралды


Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты немерелес бауырына ұрыс-керіс кезінде пышақ салып өлтірген азамат Е.И.-ға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-тармағы бойынша (кісі өлтіру) үкім шығарды.

Сотта өткен жылдың 30 қарашасында түнде Е.И. немерелес бауыры Т.-мен және оның досымен бірге кафеден ішімдік ішіп шығып, Т.-ның үйінде ішуді жалғастырғаны белгілі болды. Дастархан басында Е.И. мен ұйықтауға кеткен үй иесінің досы арасында жанжал басталады. Айқай-шуды естіп, тыныштық сақтауды өтінген үй иесінің кеудесіне Е.И. пышақ салып өлтіреді.

Сотталушы кінәлі деп танылып, қатаң режимдегі колонияда 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Фархат ӘБІЛОВ


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.