Баланы мектепке қалай беремін?

10 шілде 17:10 381 рет қаралды

Баламды 1-сыныпқа беруге өтініш бергіміз келген. Тіркеуден өтетін school.atyrau.gov.kz порталында Азаттық даңғылы бойындағы №21, 24 және 26 үйлер жоқ боп шықты. Қалалық білім беру бөліміндегілер мұның портал әзірлеушілерінің қателігі екенін айтты. Ал осы жағдайға қатысты ешқандай ұсыныстар бермеді, бірақ мектепке бала қабылдауға жазбаша өтініштер қабылдамайтынын түсіндірді. Сонда бұл қалай болмақ?

Нұрсұлтан, Атырау қ.

Қала әкімінің орынбасары Шәкір КЕЙКИН:

- Азаттық даңғылы бойындағы №21 және №26 үйлер М.Жұмабаев атындағы №1 мектепке, ал №24 үй Ф.Досымова атындағы №12 мектепке қарайды.

«HANALI 2013» ЖШС директоры Руслан КӨПЖАСАРОВ:

- Порталға құжаттарды тіркемей, сіздерді мектепке қабылдамайды. Сондықтан сайтқа тіркеліңіз, ол жақсы жұмыс жасайды. Ол жерде сізді кезекке қояды. Кезек жақындаған сайын сізге мектепке қабылдау күнін және дәл уақытын көрсетеді, оған құжаттардың толық пакетімен баруға тиіссіз.

Қандай құжаттар қажет:

1. ата-аналардан немесе баланың басқа заңды өкілдерінен (еркін түрде) өтініш;

2. баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

3. 026/у-3 нысанындағы медициналық анықтама;

4. 063/y нысанындағы медициналық анықтама

5. 3x4 өлшеміндегі екі фотосурет.

10 шілдеде порталға кірген едім, дерекқорға осы үш үй енгізілген екен.

Дайындаған Анастасия Алюшина




Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру