​Зеленский Путинге кездесіп, Қырымның кімдікі екенін талқылауды ұсынды

9 шілде 09:42 483 рет қаралды


Украина президенті Владимир Зеленский ресейлік әріптесі Владимир Путинге Минскіде кездесуді ұсынды. Ол бұл туралы Facebook парақшасындағы бейнеүндеуінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап. 

"Ресей президенті Владимир Путинге айтқым келеді. Сөйлесу керек пе? Сөйлесейік. Қырымның кімдікі екенін, Донбасста кімнің жоқ екенін талқылайық", - деді ол. 

Зеленский бұл кездесуді Беларусь президенті Александр Лукашенко қолдайтынына сенім білдірді.  Мемлекет басшысы дипломатиялық форматтан бас тартпайтынын айтты.

"Біз сөйлесуді ұсынамыз, сөйлесу керек емес пе? Рас қой?", - деді Зеленский.  

Ол екі тарапты бітістіру үшін саммитке АҚШ президенті Дональд Трамп, Германия канцлері Ангела Меркель, Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй мен Франция президенті Эммануэль Макронды шақыруға болатынын айтты.

Дереккөз: tengrinews.kz


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.