«Қазақстандағы наразылық қозғалысының тағдыры не болмақ және билік оған қандай жауап береді?», «Билікті сынаған үш белсендіні үйқамақтан абақтыға ауыстырды», «Теңіз кенішіндегі оқиғаның ықтимал себебі қандай?».

4 шілде 17:43 732 рет қаралды

AZATTYQ.ORG «Билікті сынаған үш белсендіні үйқамақтан абақтыға ауыстырды» - Алматының тергеу соты тыйым салынған ұйымға "қатысқан" деген айып тағылған Жазира Демеуова, Гүлзипа Жаукерова мен Оксана Шевчукті үйқамақтан абақтыға ауыстырды.

«Теңіз кенішіндегі оқиғаның ықтимал себебі қандай?» - Атырау облысындағы Теңіз кенішін игеріп жатқан "Теңізшевройл" компаниясының Келешек кеңею жобасының үшінші буын зауыты құрылысы өткен сенбідегі жұмысшылар наразылығынан соң әлі тоқтап тұр. Жергілікті билік наразылыққа жұмыс жағдайындағы теңсіздік себеп болғанын жасырмайды.

«Ресей билігі 14 теңізші өлген апат жайлы ашып айтпады» - Ресей билігі сүңгуір аппаратта болған өрттен 14 теңізшінің қаза болғанын хабарлады. Қорғаныс министрлігі әзірге бұдан басқа ақпарат берген жоқ. Тірі қалғандар бар-жоғы да белгісіз.

CAMONITOR.KZ. «Қазақстандағы наразылық қозғалысының тағдыры не болмақ және билік оған қандай жауап береді?» - Сайлау-2019 бұрын-соңды болмаған азаматтық белсенділікпен сүйемелденіп өтті. Оның қорытындыларына көптеген қазақстандықтардың көңілі толмай қалса да, бірақ тұтастай алғанда қоғам әйтеуір «оянып», билікті өзімен санасуға мәжбүрлегендіктен кейбір эйфория сезінуде. Биліктің өзі де айтарлықтай жұмсақтанып, ынтымақтастыққа дайын екендігін көрсете бастады және тіпті ұлттық қоғамдық сенім кеңесін (ҰҚСК) құруды шешті. Мұның бәрінен, әрине, біз бірнеше рет өткенбіз, бірақ оның барлығы ұзаққа созылмады... Бұл үрдісті өзгерту мүмкін бе? Қазіргі наразылық қозғалысы күшейіп, тұрақты құбылыс бола ала ма? Елдегі тұрақтылықты сақтау үшін билік қандай қадамдарға баруы тиіс? Осы сұрақтармен біз сарапшыларымызға жүгіндік.





Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру