Қазақстанда журналистердің кәсіби мерекесі пайда болды

26 маусым 09:43 534 рет қаралды


Қазақстанда 28 маусым күні бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесі аталып өтетін болады. Үкіметтің тиісті қаулысы жарияланды.

"Үкіметтің 2017 жылдың 31 қазанындағы қаулысына келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі тиіс (…) 17 мамыр – ақпарат және байланыс қызметкерлерінің күні, 28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесі ", - деп жазылған қаулыда.

Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев журналистердің кәсіби мерекесін бекітуді тапсырған болатын.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы БАҚ-тың қоғамдағы маңызды рөлін айқындайтын заң қабылдау керектігін айтты.

Әуелі бұл мейрам Журналистика күні деген атаумен 10 мамырда аталып өтетін еді. Кейін атаулы күн Қазақ КСР-нің "баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заңы қабылданған күнге орай 28 маусымға ауыстырылды.

Дереккөз: Sputniknews.kz


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.