Арыста жоғалған барлық бала табылды - Ішкі істер министрі

25 маусым 2019 09:56 2005 рет қаралды


Арыста эвакуация кезінде жоғалған барлық бала ата-анасына тапсырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы үкімет отырысында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.  "Балабақшадағы барлық бала эвакуацияланды. Олардың ішінде туыстарында болған балалар да бар. Барлық ата-ана іздестіріліп, оларға балаларын тапсырдық. Қазіргі уақытта еш арыз және шағым түскен жоқ", - деді Тұрғымбаев.   

Арыс қаласында болған жарылыс кезінде ата-анасынан адасып қалған балалар туралы мәлімет әлеуметтік желі арқылы таралған еді. 

Облыс басшысы Өмірзақ Шүкеев жарылыстың бірнеше күнге созылуы мүмкін екенін мәлімдеген. 25 маусымда түнгі уақытта 117 баланың ата-аналарына тапысырылғаны хабарланды. Осыдан кейін де мың бала ата-анасына тапсырылғаны жайлы хабар тараған еді.

Дереккөз: Tengrinews.kz

 



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.