​Қорғаушы: Гүлнара Кәрімованың жағдайы ауыр

19 маусым 09:47 1543 рет қаралды


Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтің қызы Гүлнараның швейцариялық адвокаты Грегуар Манжа (Grégoire Mangeat) Зангиата колониясына барғаннан кейін "Twitter" парақшасына былай деп жазды:

«Қазір ғана Зангиатадан келдім (Гүлнара Каримова жазасын өтеп жатқан түрме – редакция). Клиентімнің жағдайы ауыр. Қан қысымы жоғары. Бір аяғы таңулы. Ем жоқ. Менің мемлекетке бір ғана сұрағым бар: Зангиата, неге, қашанға дейін? Бассыздықты тоқтатыңдар!».

Бірер күн бұрын Гүлнараның қызы Иман Каримова "Instagram" парақшасына Өзбекстан бас прокуроры мен арнайы қызмет басшысына жазған хатын жариялады. Онда түрме басшылары анасына психологиялық, физикалық қысым көрсетіп жатыр деген. Бірақ Өзбекстан бас прокуратурасы мұның бәрін теріске шығарды. 

Дереккөз: "The Qazaq Times"


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.