Миялыдағы ажалды апат

18 маусым 15:49 2288 рет қаралды


16 маусымда кешке Қызылқоға ауданы Миялы ауылында көшеде ойнап жүрген 11 жастағы баланы «Ваз-2107» автокөлігі қағып кетті. Зардап шегуші алған жарақаттары салдарынан ауруханада қаза болды.

- Бала басынан қатты соққы алған. Еш көмектесе алмадық,- дейді аудандық аурухананың дәрігері Жайнагүл ЕРМЕКБАЙ.

Жол апатына кінәлі 30 жастағы жүргізушінің мас болғаны анықталды. Қазір оған қатысты қылмыстық іс көтеріліп, уақытша қамаққа алынды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.